«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бала тәрбиесінде салғырт тыққа жол беруге болмайды

Бала тәрбиесінде салғырт тыққа  жол  беруге  болмайды
ашық дереккөз
Бала тәрбиесінде салғырт тыққа жол беруге болмайды

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Отбасы тәрбиесі институтымен бірлесіп, биылғы қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық мектептерінде «ХХI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізуді бастады.

Мектептегі дәстүрлі ата-аналар жиналысы көптеген мәселелерді шешуге ықпал ететіні анық. Дегенмен сынып жетекшілерінің айтуынша, бүгінде ата-аналармен қарым-қатынас орнату оңай емес. Оған педагогтерге жұмыстың шамадан тыс жүктелуімен қатар, жиналыстың бұрынғыдай ескі әдіспен өткізілетіні де себеп болып отыр. Сондықтан отбасы мен мектеп арасындағы байланысты арттыру қажеттілігі өте өзекті. Осыны ескерген сала мамандары бұл тәсілдің форматын өзгертіп, бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясын ұйымдастыруды қолға алып отыр. Бұл шараның дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – жас ұрпақты инновациялық білім және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталып, түрлі тақырыптарды қамтитындығында. Еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде өткен ата-аналар конференциясына барлық сыныптардың ата-аналары шақыртылды. Отбасы күніне орай өткізілген шара облыстағы бүкіл білім мекемелерінде ұйымдастырылды. Жиында әртүрлі бағыттағы писхологиялық тақырыптар қозғалды. Тараз қаласындағы №30, 39 мектепте өткен конференцияға Астана қалалық Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілі, сарапшы Жанар Мыңбаева қатысып, ата-аналарға бірқатар мәселелердің шешілу жолын айтып берді. Елбасы Н.Назарбаевтың отбасының бүтіндігі мен отбасылық құндылықтарды жетілдіру саясатын ұстанған отбасы тәрбиесі институты еліміздің барлық ата-аналарын «ХХI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» курсына белсенді түрде қатысуға шақырады. Ал жалпыреспубликалық шараның мақсаты – отбасы мен білім мекемелері арасында түрлі мәселелердің шешімін табу. Ол үшін әлем психологтерінің үздік ұсыныстары талқыланып, қос тарапқа ұсынылуда.

 

Камила БОРАШОВА

Ұқсас жаңалықтар