Қазақстандық әлеуметтанушылар Астанада бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-28 қыркүйек күндері Астанада елорданың 20 жылдығына арналған VI Қазақстан әлеуметтанушылар конгресі өтеді. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды. Іс-шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. Конгреске ғылыми-академиялық және сараптама-аналитикалық қоғамдастық өкілдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ және басқа да мемлекеттердің сарапшылары, ҚР Парламенті депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Конгреске Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығы (ХӘҚ) вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро федеральдық университетінің профессоры (Бразилия), ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин қонақ болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




