Сырымды айтар адамым...
Өзіңді мақтан етемін
Сан ғасыр халқым жайлаған
Жамбыл тау, Хантау етегін
Мереке, думан айналам
Мойынқұм – құтты мекенім!
Жастары билеп, ән салған
Өзіңді мақтан етемін.
Қонағы келген – тамсанған
Мойынқұм – құтты мекенім!
Қонақжай, дархан халқы бар
Шаттанып кейде кетемін
Қазақы дәстүр, салты бар
Мойынқұм – құтты мекенім!
Гранит, алтын, күмісі
Балыққа толы қойнауы
Ашылған бүгін тынысы
Тұлпарсаз – елдің жайлауы!
Кең байтақ, дархан жеріммен
Мақтанып мәңгі өтемін
Айтамын бүгін сеніммен –
Мойынқұм – құтты мекенім!
Жері бай, елі дархан ғой
Мен туған байтақ өлкенің
Шаттанып мәңгі айтам ғой –
Мойынқұм – құтты мекенім!
Бұлқынып жүрек тулаған кезде,
Шөліркеп көмей құрғаған кезде
Көрінсем Гүлім қалам деп сөзге
Оңаша, түспей бөтен бір көзге
Қолымда қағаз, қаламым
Ғашықтық жырын жазамын!
Күн нұрын, жаным, төккен бір сәтте
Себелеп жауын өткен бір сәтте
Аймалап бетті самал жел өпсе
Өзіңнен айым, бір хабар жетсе
Қолымда қағаз, қаламым
Жыр жазам тағы, қарағым!
Сені ойлап ұйқы қашқан бір шақта,
Бәйшешек гүлін ашқан бір шақта
Жапырақ бүрін жарғанда бақта
Махаббат жырын саламын хатқа,
Есіме сені аламын
Осы бір әнге саламын!
Уайым, қайғы шалған бір кезде
Қамығып кейде қалған бір кезде
Ренжігенде болмайтын сөзге
Мұңымды шағар жаным жоқ өзге...
Сырымды айтар адамым
Өзің, тек өзің, қарағым!
Шәкизат АКИМОВ, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді