Жаңалықтар
Головкин - «Канело» айқасына қанша жанкүйер барады - Лас-Вегас
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2018
- 584
Головкин - «Канело» айқасына қанша жанкүйер барады - Лас-Вегас
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік ойын-сауық және ойын бизнесінің астанасы Лас-Вегас осы жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі - Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz. ESPN Deportes хабарлағандай, қалаға шамамен өткен жылғы айқастағыдай туристер келеді деп есептелуде. Деректерге сәйкес, 2017 жылы Лас-Вегаста Мексиканың тәуелсіздік күніне орай демалыс күндері қонақүйлердің 98,7%-ы, 149 мың нөмір толып қалған. GGG мен «Канело» екінші айқасына қалаға 65 мың қонақ келеді деп жоспарлануда.
Осы аптада Лас-Вегаста алдағы шоуға байланысты бірқатар ресми іс-шаралар өтеді: боксшылардың келуі, баспасөз мәслихаты және жаттығудың ашылуы, сондай-ақ салмақ өлшеу рәсімі. Бокс кеші 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтеді.
Қазақстандық көрермендер 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да тікелей эфирден тамашалайтын болады. Оны «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Басты жекпе-жек 08:00-ден 08:30 аралығына жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




