Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының облыс бойынша департаменті мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп «Ұлттық код.Ұлттық сана. Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбымен аталған бюроға қарасты департаменттер арасында аймақтық өнер байқауын ұйымдастырды. Байқауға Алматы қаласының және оңтүстік облыстардың құрамалары қатысты. Жемқорлыққа қарсы күрес өкілдерінің сайысы команданы таныстыру, ұлттық дәстүрден көрініс, жыр-терме кезеңі секілді үш бөлім бойынша бағаланды. Таныстыру бөлімі бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы құрамасының жырлары мазмұнды, ойлары салмақты шықты. Ұлттық дәстүрден көрініс бөлімінде де еліміздегі отандық өнімдердің нарықта үлкен сұранысқа ие екенін, жастардың дәстүр мен тілден алшақтап бара жатқанын жолаушылардың пойыздағы сапары арқылы көрсеткен. Алматы қаласының қойылымына көрермен ұзақ қол соқты. Облыс құрамасы бұл ретте «Балаға ат қою» және «Тұсаукесер» дәстүрлерін көрсетсе, түркістандықтар Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің төрелік сөздерін, әділ шешімдерін жұрт назарына ұсынды. Үшінші бөлімде ән, терме, жыр айтудан барлық құрамалар шамалас өнер көрсетті. Айтыстан үзінді келтірген құрамалар да болды. Байқауды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары, қазылар алқасының төрағасы Арман Рахымов қорытындылап, оза шапқандарға және қатысушыларға алғыс білдірді. Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласының құрамасы байқаудың жеңімпазы деп танылды. Жүлделі екінші орын Түркістан облысына, үшінші орын Қызылорда облысына бұйырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді