Сан ғасыр халқым жайлаған Жамбыл тау, Хантау етегін Мереке, думан айналам Мойынқұм – құтты мекенім! Жастары билеп, ән салған Өзіңді мақтан етемін. Қонағы келген – тамсанған Мойынқұм – құтты мекенім! Қонақжай, дархан халқы бар Шаттанып кейде кетемін Қазақы дәстүр, салты бар Мойынқұм – құтты мекенім! Гранит, алтын, күмісі Балыққа толы қойнауы Ашылған бүгін тынысы Тұлпарсаз – елдің жайлауы! Кең байтақ, дархан жеріммен Мақтанып мәңгі өтемін Айтамын бүгін сеніммен – Мойынқұм – құтты мекенім! Жері бай, елі дархан ғой Мен туған байтақ өлкенің Шаттанып мәңгі айтам ғой – Мойынқұм – құтты мекенім!
Шәкизат АКИМОВ, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




