Қазақстандық «Түймеқыз» рекорд орнатты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Паралимпиадалық пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақстандық «Түймеқыз» есімімен танымал Тұрсынай Қабыл Азия- Мұхит аймағы чемпионатында екі «алтынды» еншілеп қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы Азия-Мұхит аймағы чемпионаты Жапония мемлекетінде өтті. Байрақты додадан қазақстандықтар құр қол қайтқан жоқ. «Түймеқыз» есімімен танымал қостанайлық Тұрсынай Қабыл чемпионаттың қос «алтынын» қоржынға салды. «Азия-Мұхит аймағы чемпионатында пауэрлифтингтен алғашқы 2 алтын медаль бар. Жүлделерді ел қоржынына 2004 жылы туған Қостанай облысының спортшысы Тұрсынай Қабыл салды. 41 келі салмақ дәрежесінде ол Азияның жаңа рекордын орнатты», - деп хабарлады Ұлттық параолимпиадалық комитет Инстаграмм желісінде.
Спортшының өзі де жанкүйерлерге әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді.
Еске салсақ, Тұрсынай Қабыл биылғы ақпан айында Дубайда өткен Әлем кубогы ойындарынан жүлделі оралған болатын.
Сондай-ақ, әмбебап спортшы республикалық «Miss Virtual Kazakhstan-2018» сұлулық конкурсында екінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




