Бүйрек трансплантациясы науқас өмірін 2 есеге ұзартады - Болатбек Баймаханов
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2018
- 558
Орталық директорының айтуынша, бүйрек терапиясының өзге түрлерімен салыстырғанда, бүйрек трансплантациясы науқастың өмірін 1,5-2 есеге ұзартып, өмір сапасын жақсартады. Науқасты гемодиализ аппаратына тәуелді етіп қоймайды. Бағдарламалық гемодиализ алатын науқастар әдетте аптасына үш рет төрт сағаттық процедурадан өтуі тиіс.
«Бүйректі трансплантациялау - балалар үшін ең жақсы әдіс, себебі гемодиализден баланың дамуына айтарлықтай зақым келеді. Қазіргі уақытта бүйректі трансплантациялаудың гетеротопты және аллогенді (басқа адамнан трансплантация) нұсқалары жиі кездеседі. Кез-келген ота секілді, бүйрек алмастыруға да науқастардың барлығы жіберілмейді, мұнда да бірқатар қарсы көрсетімдер бар», - деп түсіндірді ол.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, тірі туыстық донордан трансплантацияланған бүйректің орташа жұмыс істеу ұзақтығы - 12-15 жыл, мәйіттік донордан алынған бүйрек - 7-9 жыл. Бүйрек трансплантаты жарамсыз болған жағдайда донорлық бүйректі қайта трансплантациялауға болады.
Айта кетерлігі, А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы 1945 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен мүгедектеріне арналған госпиталь базасында ашылған және алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарында Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамына кірген. Аталмыш Орталықтың негізін қалаушы және тұнғыш директоры ( 1975 жылға дейін) ҚазКСР белгілі ғалымы, қабілетті хирург, ҚазКСР ғылымының еңбегі сіңген қайраткері, академик Александр Николаевич Сызғанов болған. Бүгінде бұл орталық - озық замануи технологиялар бойынша емдеу мен диагностикалық көмек көрсететін жетекші медициналық мекеме.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




