«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мазалайды мені көп сұрақ әлі

Мазалайды мені көп сұрақ әлі
ашық дереккөз
Мазалайды мені көп сұрақ әлі
Хақиқи сөз Мазалайды мені көп сұрақ әлі, Неге өмірдің бітпейді бұралаңы... Қайда қарап тұрды екен заман көзі Зардап шегіп жатқанда бір адамы. Күрсінгенмен қайран ел айнала ұғып, Жатты соны біреулер пайдаланып, Зұлымдық соққысынан қашқан шындық Жасырынып қалды екен қайда барып. Алды – артына шашқанда топырағын Сезбеді ме түбі бір опынарын, Қара күйе жағып ап түн жамылған Қаскөйліктің не деген беті қалың. Секем алып қу жүрек білдің нені, Былғайтындай бұл ой да бір күн мені, Саған артқан үмітті тұншықтырып Не тапты екен күдіктің күлгін реңі. Самғар сенім көгінде сарқылып ән, Тамырына төзімнің балта ұрылған, Қызғаныштың тойды ма қызыл иті Талағанда сені алып алқымыңнан. «Көл боп – жұрттың телміру көлшігіне» – Пенделікке бұйырған енші, міне; Сенен шыққан сепкізбей сәуле нұрын Көрсоқырдың көңілі көншіді ме. Көп болғанмен өмірдің бұралаңы Тек таза жан сұлу қып сүре алады, Адал болсаң пейіліңе дақ жұқпайды, Көзі жетер талайдың бұған әлі. Сыйы деп біл – Алланың сынағаны, Қауқарсыздар келеді құламалы. Аяғыңнан шалғандар, қара да тұр, Күнәсі үшін махшарда сұралады. Үшарал, саған қарай ұшамын мен Басқада біздікіндей ауыл қайда, Үшарал, атың сенің неткен ыстық, Жырақта жүріп сені сағынғанда Тарылып кететіндей көк кеңістік. Тартатын құпия бар сенде қандай, Жанымды мазаласа құса бірден, Отырар байыз тауып жер таба алмай, Үшарал, саған қарай ұшамын мен. Кезінде ұйыстырып түрлі ұлтты Күндер-ай баурыңа алған құшағың кең, Жалықсам мекенімнен тұрғылықты, Үшарал, саған қарай ұшамын мен. Келмесін сезіп қайта балдәуірдің Кезде де кеудемді мұң-құрсау ілген, Ақтақыр құмын аңсап шаңды ауылдың, Үшарал, саған қарай ұшамын мен. Екпін жоқ Таласта да, Асада да, Баяғы сені үшке бөліп аққан, Жұрт та жоқ қонысы ед деп ата-баба, Көш бұрып қайта оралып келіп жатқан. Қайтеміз күйбең тірлік тұсағанын, Кеткен соң қамын күйттеп бәрі үйінің.., Бәрібір бір мен үшін, Үшаралым, Өзіңсің әлемде жоқ Жерұйығым. Бар ізін топырағыңнан табатынмын Сенде өткен балдырған шақ, бала күннің. ...Үшарал жаққа ұшып баратұғын Талдырма күшін, Құдай, қанатымның!   Көркейе бер, Қаратауым Алда арман жағалауы, Артта қиын жол қалды, Қамқор боп ел ағалары Тағдырыңды қолға алды. Сүйем сені, қалам әсем, Көркем қалам, күн қалам, Көрік бердің далама сен – Қуат берді бұл маған. Жұмыс қызу жүріп жатқан, Айналасы дүркіреп, Еңбек сүйгіш жұртың тапқан, Екі қолға бір күрек. Тұрғындарың тамсанады, Дарып арлы ойға ізет, Жасыл желек ән салады, Сұлу көше бой түзеп. Қалқан қалам Қаратауым, Сенен шуақ көрем мен, Атсын әрбір арай таңың Жақсылыққа кенелген. Су бұрқақты саябағың Жай тапқызған жаныма, Көркейе бер, Қаратауым, Туған елдің бағына! 7Үміт БИТЕНОВА, ақын.

Ұқсас жаңалықтар