Қазақтың жаманы болмас
Шәкәрім.
Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас!
Бұл елде адалдық бар ма,
Ондайын байқадыңдар ма, –
Ыстайды нені де болса,
Наданға арамдық ар ма?!
Ар сатар шайға да болса,
Бір асам майға да болса.
Ізденіп табады, жейді
Арамды қайда да болса.
Жуаны қылады зорлық,
Момынның көргені қорлық.
Теп-тегіс қулық пен ұрлық,
Ал енді қайтіп ел болдық?!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




