АСТАНА. ҚазАқпарат - 2006 жылдан бері «Атасу - Алашанькоу» мұнай құбырымен Қытайға 100 млн тоннадан астам мұнай экспортталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шараларына қатысып келеді. Осы жұмыстың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Қазақстанда біз 42 млрд теңгенің салығын төледік. Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын да сақтап келеміз. Осы уақытқа дейін 30 мың адамға жұмыс бердік. Біз осы саладағы ынтымақтастық байланыстарды ары қарай нығайтуға дайынбыз», - деді Цинь Вэйчжун Астанада өткен қазақ-қытай бизнес форумында.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде қазақ-қытай бизнес форумы өтті. Аталған шара «Бір белдеу - бір жол» бастамасының бес жылдығына арналып отыр. Бүгінде ҚХР осы бастаманың бойында орналасқан 25 мемлекетпен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара сауда-саттықты 605 млрд долларға жеткізді. Соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 10 млрд долларды құрайды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі форум қатысушыларына өз құттықтауын жолдады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин да үндеу жолдап, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ризашылығын білдірді. Ал ҚХР Коммерция жөніндегі вице-министрі Жэнь Хунбиньнің айтуынша, Қазақстан мен Қытай сауда-саттықты долларсыз жүргізуді көздейді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




