Жаңалықтар
Отандық меценат Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүрген ерлі-зайыптының бүкіл қарызын төлеп берді
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2018
- 584
Отандық меценат Түркияда дүниеге келген сәбиін қайтара алмай жүрген ерлі-зайыптының бүкіл қарызын төлеп берді
Түркияға демалуға барған анасы мерзімінен бүрын босанып қалып, нәтижесінде сол елде қалып қалған сәбидің тағдырына қатысты жағымды жаңалық пайда болды. Бұған дейін Полинаның Анталиядағы клиникада жатқаны, жағдайының аздап жақсарғаны белгілі болған еді. Алайда клиникаға 20 мың доллардан аса қаржы төлеу керек болғандықтан, жаңа туған сәбидің анасы Дарья Васильева оны алып кете алмай жүрген.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда күні кеше Васильевтер отбасына қатысты қуанышты жаңалық пайда болды. Жақын күндері сәби Қазақстанға жеткізілетін болады.
Кішкентай Полинаның тағдыры туралы бүкіл ел хабардар болғаннан кейін, отандық меценаттардың бірі сәбидің ата-анасының түркиялық клиника алдындағы қарызын толықтай төлеп берген. Алайда қайырымды жан өз есімін жасырып қалуды жөн көрді. Ол қиын жағдайға тап болған отбасыға көмектесу үшін 20 мың доллар бөлген. stan.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




