Қазақстандықтар әлемдегі ең аз қозғалатындар тізіміне енді
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2018
- 598
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 168 мемлекетте халықтың спорттық белсенділігі бойынша жаңа зерттеулер жүргізді. Қазақстандықтар бұл тізімде ең аз қозғалатындар қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. ДДҰ-ның мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 18 жастан асқан ерлер мен әйелдердің 27,5 пайызы спортпен көп шұғылданбайды. Ал Беларусь пен Қырғызстанда бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсы - халықтың 14 пайызы аз қозғалады. Спорттық белсенділік жағынан Ресей, Өзбекстан және Украина Қазақстанның алдында тұр. Ал халқы ең көп қозғалатын мемлекеттер Уганда мен Мозамбик болып табылады. Онда тұрғындардың 6 пайызы ғана спортқа жақын емес екен.
Бұл ретте, Кувейт және Сауд Арабиясы сынды бай мемлекеттерде ересектердің жартысынан астамы қозғалысты сүймейтін болып шықты. Олар рейтингте АҚШ пен Ұлыбританияны да басып озған. Бірақ ол елдерде де көрсеткіштер бір-бірінен аса алшақ емес.
Осылайша, әлемдегі әрбір бесінші ересек адам физикалық жағынан белсенді емес. Осыған орай, ДДҰ дабыл қағып, инфекциялық емес сырқаттарға шалдыққандар саны артып отырғанын айтуда. Олардың арасында жүрек аурулары, қант диабеті, сүт безі мен тоқ ішегінің қатерлі ісігі бар.
ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейсустың айтуынша, кәсіпқой спортшы болуға міндетті емес. Лифтімен емес - сатымен көтерілу, көбірек жүріп, велосипед тебу жеткілікті.
Телеарнаның хабарлауынша, алдағы 27 қыркүйек күні Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясында инфекциялық сырқаттар бойынша Жоғары деңгейдегі үшінші кеңес өтетін болады. Форум қатысушылары әлем халқының спорттық белсенділігін арттыру бойынша ДДҰ-ның Жаһандық жоспарын талқылайды.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




