Жаңалықтар
Үндістанда Ұлы Моғолдар дәуіріне тиесілі қару-жарақ сақталған
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2018
- 589
Үндістанда Ұлы Моғолдар дәуіріне тиесілі қару-жарақ сақталған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда көне түркі тайпаларының қару-жарағы сақталған, деп жазады Хабар 24. Үндістанның Коимбатур қаласының тұрғыны ежелгі қару-жарақ пен тиындарды жинаумен айналысады. Джаиш Кумар Пандьянның коллекциясында 2 мыңнан астам көне жәдігер бар. Оның айтуынша, темір мен тастан жасалған қарулар 500 жыл бұрын қолданылған екен. Пандьянның қызығушылығы мектеп кезінде, тарих сабағында оянған. Содан бері ол ежелгі жауынгерлердің қару-жарақтары мен құрал-саймандарын жинаумен айналысып келеді. Оның ендігі арманы музей ашып, жәдігерлерді көпшілктің назарына ұсыну.
«Бұлардың барлығын 12 жыл бойы жинадым. Коллекциямда 50-ге жуық қару түрі бар. Басым бөлігі Сангам кезеңі, Виджаянагар империясы мен Ұлы Моғолдар кезеңдеріне тиесілі», - дейді коллекционер Джаиш Кумар Пандьян.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




