Қазақстандық спортшылар допинг дауына ілінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық антидопингтік орталығының ресми сайтында тыйым салынған қоспаларды қолданғаны үшін шеттетілген спортшылардың жаңартылған тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сайттың мәліметтеріне сәйкес, аталған тізімге жеті қазақстандық спортшы енген. Олардың қатарында велошабандозшы Виктор Окишев бар. Спортшының 2018 жылы жасалған талдауында тыйым салынған эритропоэтин препараты табылды. Салдарынан Окишев 2018 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін сегіз жылға спорттан шеттетілді.
Сондай-ақ, допинг қабылдаған спортшылардың тізіміне Роберт Карнаухов (нандролон, кломифен), жүзгіш Риат Жұмағұлов (метилгексанамин, хигенамин) және жеңіл атлеттер Евгения Фондюшина (сибутрамин), Александр Лях (метилгексанамин), Игорь Кондратьев (метилгексанамин) және Вероника Брославская (мельдоний) кірді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




