Қазақстанда ТКШ саласын ауқымды реформа күтіп тұр 

Қазақстанда ТКШ саласын ауқымды реформа күтіп тұр 
ашық дереккөз
Қазақстанда ТКШ саласын ауқымды реформа күтіп тұр 

Елімізде жақын күндері тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында ауқымды реформа жүргізіледі.

Тұрғын үй кешендерінің иелері мен басқарушы компаниялардың арасында жаңа модель енгізілетін болады. Бұл туралы біздің телеарнаға берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Индустрия және даму министрлігінің өкілі хабарлады. Бір үй, бір қауымдастық, бір есеп. Бұл әрбір тұрғынға ақпараттық жүйелер арқылы қаржыны бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Биыл салаға 39 млрд теңге бөлінген. Жарты жылда оның 50 пайызға жуығы игерілді. Халықаралық қаржы ұйымдарымен келісім негізінде республикалық бюджеттен 19,2 млрд теңге қарастырылып, қаржыландыру жоспарына сәйкес 90% игерілді. Енді мамандар жыл соңына дейін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын 57%-ға төмендетуді көздеп отыр. Жалпы соңғы үш жылда бағдарлама аясында шамамен 2700 шақырым жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынған.

24.kz

Ұқсас жаңалықтар