«Жаңа толқын - 2014»: Әлішер Кәрімов байқаудың екінші күні 4-орында

«Жаңа толқын - 2014»: Әлішер Кәрімов байқаудың екінші күні 4-орында
ашық дереккөз
«Жаңа толқын - 2014»: Әлішер Кәрімов байқаудың екінші күні 4-орында
Латвияның Юрмала қаласында өтіп жатқан «Жаңа толқын - 2014» халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан әнші Әлішер Кәрімов сайыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша 4-орынға табан тіреді. Екінші күнгі сайыс талабы бойынша қатысушылар танымал әншілермен бірге ән шырқауы тиіс болды. Әлішер бұл кезеңде 2010 жылғы «Новая волна» жеңімпаздарының бірі украиналық Татьяна Ширкомен бірге  "Исповедь любви" әнін шырқады. Танымал продюссер Игорь Крутой төрағалық еткен қазылар алқасы Қазақстанның атынан сынға түскен Әлішерге екі күннің нәтижесі бойынша 143 балл берді.  Ол байқаудың алғашқы күні 73 ұпайды еншілеген еді. Үшінші күнгі сайыс "Премьералар күні" деп аталады. Онда қатысушылар жаңа әндерді орындауы керек. Әлішер көпшіліктің назарына "Әрине" атты әнін ұсынады. Бұл әнді ақын Талант Арғынғали мен композитор Ғалымбек Исімбергенов осы байқауға арнайы жазған. Ол әннің бірінші бөлігін қазақ тілінде, екінші бөлігін орыс тілінде орындайды. Айта кетейік, елімізде алғаш рет «Қазақстан» ұлттық арнасы «Жаңа толқын» байқауын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар