Құрылыс жұмыстары қарқынды
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында құрылыс жұмыстары және көрсетілген қызметтер көлемі қосымша бағалаумен есептегенде 51755,7 миллион теңгені құрады. 2017 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,5 пайызға орындалды.
Құрылыс жұмыстары көлемінің артуы Тараз қаласы (103,3 пайыз) мен облыстың 8 ауданында, атап айтқанда Мойынқұм (193,9 пайыз), Шу (180,5 пайыз), Байзақ (147,8 пайыз), Жуалы (132,3 пайыз), Талас (114,9 пайыз), Т.Рысқұлов (110,1 пайыз), Жамбыл (109,5 пайыз) және Сарысу аудандарында (106,7 пайыз) байқалды.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35,7 пайызға өсіп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының көлемі 13, ағымдағы жөндеу 48,7 пайызға азайған.
Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі автомагистральдарға тиесілі, көше, жол, темір жол, ұшу-қону алабын салу және оқу орындары ғимараттарының осы бағыттағы жұмыстары.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




