Қазақстан халқы тілдері күніне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасына қарасты тілдерді оқыту орталығында «Рухани жаңғыру: латын әліпбиі» атты жаңа кабинет ашылды. Бұл кабинет алдағы уақытта азаматтарға жаңа әліпби тізбегіндегі әріптерді үйретіп, әдістемелік көмектер көрсетеді. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, облыстағы ЖОО-ның латын әліпбиін зерттеуші ғалымдары қатысты. Кабинеттің ашылу рәсімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат пен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова алқызыл лентаны қиды. Бұдан соң облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова жаңа кабинеттің қандай мақсатпен ашылғаны туралы толыққанды хабарлама жасады. Кейіннен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың филология және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Балмира Мырзабаева шеберлік сағатын өткізіп, латын әліпбиіндегі әріптерді жазу, қолдану үрдісі туралы ойларын ортаға салды. Мұнан соң жиналғандар «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» атты семинарға қатысты. Семинар барысында кіріспе сөз сөйлеген облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы пікірін білдірді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат Елбасының бастамасымен қолға алынған латын әліпбиіне көшу реформасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ойларымен бөлісті. Семинар барысында мамандар латын әліпбиінің тиімділігі мен оған көшу кезінде нендей мәселелерге назар аудару қажеттілігі жайлы пікірлерін білдірді. Анығырақ айтсақ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым «Жаңа қазақ әліпбиінің орфографиялық мәселелері», ТарМПУ-дың профессоры Тұрсынай Әбдіқадырова «Қазақ жазуына жаңаша бетбұрыс», ТИГУ-дың профессоры Қасиет Молғаждаров «Латын графикасына көшудегі емле-ереже мәселелері» тақырыбында баяндамалар жасап, көптің көңілінде жүрген бірқатар түйткілдерге тоқталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді