Жазамын деуші ем өмірдің жырын...
Мен сені
Жаздағы сұлу ақ таңда күттім,
Күздегі мұңлы шақтарда күттім,
Баянсыз көктем кешіргім келмей
Ақ күміс аппақ ақпанда күттім.
Келмедің неге,
Сезбедің неге көңілдің мұңын?
Уақыттан оңбай жеңілдім, күнім:
Жазамын деуші ем өмірдің жырын
Жеңілдім бүгін...
Жеңілдім, күнім.
Жеңілдім, жаным
Сенімнің бəрін таптатып алдым,
Таптатып алдым тірлікке.
Тірлікке жəне таптатып ардың
Ақ үміттерін жүрдік пе?!
...Өмірдің жырын жазамын деуші ем...
Қоя алмай келем бір нүкте...
Мен сүрем деген,
Мен сүйем деген ол өмір адал, аңғал-тын,
Ақ күміс шуақ себездеп дәйім атушы еді таңдар нұр.
Сен келеді деп күтетін едім ол кезде
Сағыныштарым жанардан
шық боп тамған кіл.
Ал қазір ше...
Тек мен ғана аңғалмын.
Жанна БАХАТАЙ,
студент.
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




