«Жаңа толқын-2014»: Ә.Кәрімов екінші орыннан көрінді

«Жаңа толқын-2014»: Ә.Кәрімов екінші орыннан көрінді
ашық дереккөз
«Жаңа толқын-2014»: Ә.Кәрімов екінші орыннан көрінді
Латвиядағы курорттық қала Юрмалада «Жаңа толқын - 2014» жас орындаушылардың танымал музыкасының 13-халықаралық байқауының бірінші конкурстық күні аяқталды. Оның нәтижесі бойынша Грузиядан келген Нуца Бузаладзе 76 балл жинап алға шықты. Конкурсанттар «әлемдік хит» санатында бақ сынасты. Екінші орынды үш конкурсант Украинадан Виктория Петрик және Вячеслав Рыбиков, сондай-ақ Қазақстаннан Әлішер Кәрімов бөлісті. Олар 73 балдан жинады. Үшінші орында – 72 балл жинаған Ресейдің конкурсанты Нодар Ревия. «Жаңа толқын - 2014» байқауы 22 шілдеде Юрмаладағы «Дзинтари» концерттік залының сахнасында басталды.Ол 27 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы жылғы өнер бәсекесіне Армения, Германия, Грузия, Израиль, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Ресей, АҚШ және Украина сияқты әлемнің 13 елінен 16 жас әнші қатысуда.

Ақпарат көзі: www.baq.kz

Ұқсас жаңалықтар