Данияр Елеусінов Сондерстің бокс кешінде айқасады
Елеусінов 20 қазанда Бостонда (АҚШ, Массачусетс штаты) жекпе-жек өткізеді.
Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) мүддесін ұсынатын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби рингтегі төртінші айқасы туралы жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарланғандай, Елеусінов 20 қазанда Бостонда (АҚШ, Массачусетс штаты) жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы - орта салмақтағы WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) хедлайнер болады.
«Дауыл Бостонға қарай бара жатыр... #СондерсАндраде #ҚазақКүрсілі», - деп жазды Matchroom Boxing туиттерде.
Еске салайық, Данияр Елеусінов соңғы айқасын 4 тамызда өткізген еді. Ол Кардиффте (Уэльс) венгриялық Габор Горбичты (26-12, 16 КО) ұпай бойынша жеңген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




