Жаңалықтар
Моңғолия Үкіметі оқушыларға смартфон қолдануға шектеу қойды
- author «Ақ жол»
- 6 қыркүйек, 2018
- 647
Моңғолия Үкіметі оқушыларға смартфон қолдануға шектеу қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Моңғолияның Министрлер кабинеті жалпы білім беру мектептері мен басқа да оқу орындары аумағында смартфондар қолдануға шектеу қою туралы шешім қабылдады. Үкіметтің бұл қаулысы осы жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап. Атап өтілгендей, қазіргі таңда Моңғолияда 8-17 жас аралығындағы балалардың 71,8 проценті ұялы телефонды белсенді қолданады. Оның 54,6 процентінде интернет қосылған. Ғалымдар мен дәрігерлер 12 жасқа толмаған балаларға смартфон беруге болмайтынын ескертуде. Себебі, жоғары дәлдіктегі электромагниттік сәулелер балалардың денсаулығына зиян келтіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




