
Елімізде 84 мың талапкер кешенді тестілеуге қатысты
Биылғы кешенді тестілеуге 84 490 талапкер қатысты. Тестілеу республика аумағында орналасқан 42 орында өткізілді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлімдеді.
«Тестілеуге қатысуға 87 060 өтініш берілген. Оның ішінде мектеп түлектері – 16 407, жалпы орта білімнен кейін (11 класс) түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері – 22 236, негізгі білімнен кейін (9 класс) түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері – 48 417 өтініш білдірген», - деді Т.Балықбаев.
Айта өтейік, кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері мен техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының түлектері; және ҰБТ-ға қатыспаған шетел оқушыларымен халықаралық алмасу желісі бойынша білім алған жалпы білім беретін мектептердің түлектері қатысты. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің түлектері мен республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, шетелде оқу орнын аяқтаған түлектер де тестілеудің осы түрі бойынша сынақтан өтті.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Балық пен көкөніс өсіруге арналған
- Бүгін, 04:00
Бұл – жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы
- Бүгін, 03:49
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді