Шәріпова-Куценко айқасында бәске қандай титул қойылады

Шәріпова-Куценко айқасында бәске қандай титул қойылады
ашық дереккөз
Шәріпова-Куценко айқасында бәске қандай титул қойылады
Шәріпова-Куценко айқасында бәске қандай титул қойыладыАСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Куценко Санкт-Петербургтегі бокс кешінде қандай салмақ дәрежесінде айқасады және бәске қандай белбеулер қойылады? Бұл сұрақтарға жауапты Шәріпованың баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақстанның кәсіпқой боксы» ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды. Атап өтілгендей, 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте қазақстандық Фируза Шарипова мен ресейлік Юлия Куценконың жекпе-жегі жеңіл салмақ дәрежесінде - 61,2 келіде өтеді.

«Осыған байланысты бәске Фирузаға тиесілі әлем чемпионының бір ғана титулы - WIBA қойылады», - деді спортшының баспасөз қызметінен.

Кәсіби бокста өнер көрсететін Шәріпова өткен жылдың соңына дейін  WIBA тұжырымы бойынша 61,2 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болып келген еді. 2017 жылдың 30 желтоқсанында Алматыда бельгиялық Джемилла Гонтарюкпен WBC Silver және IBO Championship белбеуі үшін 59 келі салмақ санатында айқас өткізді. Осылайша, ол екі салмақ дәрежесінде титулдар иеленді. Жекпе-жек 61,2 келі салмақ дәрежесінде өтетіндіктен, 8 алдағы кездесуде оның осы санаттағы чемпиондық белбеуі бәске қойылады.

Спортшылардың гонорары алдын ала келісілген және ол жеңіске не жеңіліске қарамастан өзгеріссіз қалады. Спортшының менеджері оның сомасын мәлім еткен жоқ. Себебі бұл келісімшартқа сәйкес құпия ақпарат.

Сондай-ақ мәлім болғандай, Санкт-Петербургтің А2 аренасында өтетін бокс кешіне Фирузаны қолдауға көптеген қазақстандық жанкүйерлер келмек.

«Жекпе-жекке Қазақстаннан көптеген жанкүйерлер ұшып келеді. Біздің команда оларға қонақүйлерді брондауға көмектесті. Сондай-ақ, Санкт-Петербургте тұратын көптеген қазақстандықтар отандастарын қолдауға келеді», - деп мәлім етті спортшының штабынан.

Бұған дейін Шәріпова-Куценко кешінің андеркартында кездесетін жұптардың толық тізімін жариялаған болатынбыз. Олардың арасында бірақатар қазақстандық кәсіпқой боксшылар бар.

 

kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар