Жаңалықтар
Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан қаязы балығын аулағандар ұсталды
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2018
- 611
Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан қаязы балығын аулағандар ұсталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері Қызыл кітапқа енгізілген балықты заңсыз аулаған браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері заңсыз балық аулап жүрген Шымкент қаласының төрт тұрғынын ұстады.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ұсталған азаматтардан 26 балықты тәркіледі, оның ішінде 8 дана Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан қаязы да бар. Сонымен қатар, браконьерлерден балық аулайтын ау тәркіленді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Осы бап бойынша браконьерлерге 5 млн теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.
Материалдардар сотқа жолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




