Қазақстан Ауғанстан әйелдеріне көмек көрсететін кеңсе ашуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2018
- 618
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Ауғанстан әйелдеріне көмек көрсететін Орталық Азия кеңсесін құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өз сөзінде сенатор Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың тұтас Орталық Азия амағы үшін маңызды екенін атап өтті.
«Ауғанстандағы әйелдердің жағдайы қиын. Бүгін Ауғанстанда 7-9 жастағы қыздарды тұрмысқа шығаратынын, олардың 65 проценті босану кезінде қайтыс болатынын естідік. Бұл өте күрделі жағдай. Ауғанстанға БҰҰ, Еуроодақ, банктер неше түрлі халықаралық ұйымдар бірталай жәрдем көрсетіп жатыр. Бірақ, соның барлығын реттейтін, бақылайтын бір орталық жоқ», - деді Дариға Назарбаева журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, кеңсенің ашылуы мен оның қай қалада орналасатыны әлі шешілген жоқ.
«Бұл әзірге біздің ұсынысымыз ғана, көршілес елдердің көзқарасы қандай екенін білу қажет, талқылау қажет. Қазақстандық тарап бұл мәселе бойынша пікір алмасуға әрдайым ашық. Бүгінгі конференция да бірреттік шара болып қалмауы керек. Жыл сайын өткізілетін Орталық Азиядағы маңызды шараға айналдырып, Ауғанстандағы оң өзгерістерді бақылауымыз керек», - деді Дариға Назарбаева.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




