Жаңалықтар
Джей Ло қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымын қайтарып алды
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2018
- 582
Джей Ло қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымын қайтарып алды
Warner Music Group компаниясының өкілдері қазақстандық Jokeasses блогерлеріне түсірген шағымдарын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің клип бұғаттан шығарылды, құқығымыз қайта қайтарылды. Клип бізге тиесілі. Бізге ештеңе де айтпай барлығын бұғаттап тастады. Warner Music Group өкілдері шағымдарын қайтарып алды. Клипті қайтарып бергені жайлы және шағымды қайтарғаны жайлы хабарлама келді. Қатты қуанып тұрмыз, өзімізге сенімді болған едік, себебі клиптің минусы толықтай біздікі болатын", - дейді блогер Ахмад Хельми. Еске сала кетейік, мұның алдында хитке айналған Jokeasses атымен белгілі қазақстандық блогерлер түсірген "Зың-зың" әнінің YouTube-тен өшірілгені хабарланған еді. Jokeasses мүшелерінің айтуынша, клип аты әлемге белгілі поп-әнші Дженнифер Лопестің мүддесін қорғайтын Warner Music Group компаниясының авторлық құқықты бұзды деген шағымынан кейін өшірілген.
Видеоны Қазақстан, Польша, Германия, Ресей және тағы да басқа ел азаматтары 22 миллион рет қараған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




