Жаңалықтар
ӘЧ іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Англиядан ойсырай жеңілді
- author «Ақ жол»
- 5 қыркүйек, 2018
- 655
ӘЧ іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Англиядан ойсырай жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты - 2019 іріктеу турнирі аясында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Англия командасынан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі. Павлодарда өткен матчта алаң иелері 9-шы минутта Мидтің соққан голын жіберіп алды. Үзіліске дейін қонақтар Дэйлидің арқасында тағы бір гол салды. Екінші таймда Кристансен, Станнифорт, Мид және Бронз есепті ағылшындықтардың пайдасына 6:0-ге жеткізді. Бұл қазақстандықтар үшін қорытынды ойын болды. Біздің құрама 3 ұпаймен, кестеде соңғы орынды иеленді. Ағылшындықтар мерзімінен бұрын келесі айналымға шықты.
Футболдан әйелдер Ұлттық құрамасы матч алдында Павлодарда жанкүйерлермен кездескен болатын. Олардың сұрақтарына жауап беріп, қолтаңба таратқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




