Қырғыз ниндзясы трикингтегі әдістерімен таңғалдырды
Ерлан Жүсіпов - Азия чемпионы, трикингтен Ресейдің төрт дүркін чемпионы, Ош қаласында дүниеге келген. Спортшы жігіт Tengrinews.kz тілшісіне әлемде танымал болып жатқан ерекше спорт түрі жайлы әңгімелеп берді.
"Трикингті "жауынгерлік өнердің әдістері" деп аударуға болады. Спорттың бұл түрі таэквондо, ушу, гимнастика, брейкданс және басқа да спорттық дисциплиналардан тұрады. Ал Орта Азияда трикингтің негізін салушылардың бірі - Азамат Абдуллаев", - дейді Ерлан.
Ол трикингпен 16 жасынан бастап айналысқан, сондай-ақ, спортшы акробатикалық мектепте оқыған екен.
Қазіргі уақытта Ерлан каскадерлікпен кәсіби айналысатын Nomad Stunts Team тобында жұмыс істейді, Мәскеуде тұрып жатыр. Ресейде оны "Қырғызстаннан келген ниндзя" деп атайды екен. Қазір Ерлан әріптестерімен бірге Жаңа Зеландияда түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар голливудтық жоба дайындап жатыр.
Қазіргі уақытта Ерлан каскадерлікпен кәсіби айналысатын Nomad Stunts Team тобында жұмыс істейді, Мәскеуде тұрып жатыр. Ресейде оны "Қырғызстаннан келген ниндзя" деп атайды екен. Қазір Ерлан әріптестерімен бірге Жаңа Зеландияда түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар голливудтық жоба дайындап жатыр. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




