Еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 5 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің бес қаласында ауада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. Атап айтқанда, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл және Орал қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Еліміздің өзге қалаларында жағымсыз метеожағдайлар күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




