Фируза Шәріпованың бокс кешінің андеркартында кездесетін жұптар анықталды
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2018
- 267
Жекпе-жек жұптарының толық тізімі келесідей:
Ресейлік Евгений Терентьев беларусьтық Кирилл Самадураумен 10 раундтық айқас өткізеді.
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Виктор Коточигов тайлық Аеккаве Каевманимен жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Қазақстандық Жантіл Өмірбай WFA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласады. Қарсыласы - Беларусь боксшысы Руслан Родзивич.
Сондай-ақ турнир аясында санкт-петербургтік жас боксшы Эдгард Москвичев жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы ростовтық Аликлыч Канболатов кәсіпқой бокста 20-дан астам рет айқасқа түскен.
Қазақстандық белгілі нокаутшы Али Балоев әзербайжандық Гулхусейн Агазадамен жұдырықтасады. Гулхусейн осыған дейінгі кездесулерінде қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп шыққан.
Өзбекстаннан келген Дилмуроджон Бозорбоев грузиндік боксшы Рубен Мовсесянмен күш сынасып көреді.
Ресейлік қос боксшы Александр Костромин мен Сергей Белошапкин 6 раунд бойы өзара мықтыны анықтайтын болады.
Сонымен қатар осы кеште қазақстандық Мұхит Аманбаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы - Өзбекстандық Исломжон Хужаев. Ол кәсіпқой бокста 6 айқас өткізген.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді