Жаңа оқу жылын жақсы дайындықпен бастады

Жаңа оқу жылын жақсы дайындықпен бастады
ашық дереккөз
Жаңа оқу жылын жақсы дайындықпен бастады

Байзақ ауданындағы 35 орта, 3 негізгі, 5 бастауыш мектеп бар. Жаңа оқу жылында 20071 бала сабаққа келсе, оның 2374-і –мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндер. Жалпы 43 білім ошағында жұмыс істейтін 2468 мұғалімнің біліктілік санаты әртүрлі.

Аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Әбдікәрім Әбдімомыновтың айтуынша, аудандағы білім мекемелері жаңа оқу жылына дайындықты ерте бастаған. Өткен жылғы жетістіктер мен кемшіліктерді саралап, жаңа жоспар жасалыпты. Сондай-ақ оқушыларды тегін оқулықтармен қамту үшін жаңа оқу жылында қай мектепке қанша бала баратынын жобалап, саралау жұмыстары жүргізілген көрінеді. Соның арқасында бұл жұмыс 100 пайызға орындалған. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен 3, 5, 6, 8-сыныптарға арналған оқулықтар сатып алынып, 1, 2, 11-сыныптарға арналған кітаптар мен оқу құралдарына қосымша толықтырылыпты. «Биыл 14 мектепті робототехника жабдығымен қамтамасыз етуге 46010,0 мың теңге бөлінген. Сатып алынған құрал-жабдықтар білім мекемелеріне толық жеткізілді. Кабинеттерді мультимедиалық жабдықтауға 19840,0 мың теңге, мектептерге VVF локальді желісін орнатуға 17 миллион теңге жұмсалды. Ең бастысы үш ауысымды мектептерді азайту мақсатында Байзақ ауылында 300 орындық мектеп салынып, пайдалануға берілді. Ақшолақ ауылында 120 оқушыға арналған жаңа мектеп бой көтеруде. Оның құрылысы сәуір айында басталды», – дейді Әбдікәрім Әбдімомынов. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, өткен оқу жылы байзақтықтар үшін табысты болған. 2018 жылы ҰБТ-ға қатысқан 496 түлектің орташа көрсеткіші 100,6 балды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,4 балға артық. Жалпы бұл кездейсоқ жетістік емес, былтырғы оқу жылында да Байзақ ауданы Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша облыс көлемінде алғашқы үштіктің бел ортасынан көрінсе, биыл да бұл межеден төмендеген жоқ. Бүгінгі күні 496 мектеп бітірушінің 300-і мемлекеттік оқу грантын иеленіп, жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Колледждердегі грант иегерлерінің саны – 27. Жаңа оқу жылына әзірлікпен қатар жыл сайын қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Ауданда биыл Үлгілі және №2 Жамбыл орта мектептерінің қазандықтары «көгілдір отынға» ауыстырылыпты. Жалпы 43 мектептің 24-і қатты отынмен, 18-і «көгілдір отынмен», қалғаны сұйық отынмен жылытылады. Қазіргі таңда 2607 тонна қатты отынның 1907 тоннасы мектептерге тасып жеткізілген. 14 балабақшаға 620 тонна қатты отын дайындалған.

Есіркеп Серікбайұлы, ауданның Құрметті азаматы.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар