Қазақстанның көне қалалары ел игілігіне айналады
Мәдениет министрі, юнеско және исеско істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы: Дохада өткен ЮНЕСКО кеңесінде Ұлы Жібек жолының бірінші бағыты тізімге алынды.
Кеңес аясында Қырғызстан және Қытай мемлекеттерімен бірлесе әзірленген «Ұлы Жібек жолы: Тянь-Шань дәлізі» атты сериялық трансшекаралық номинациясының шеңберінде ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген сегіз қазақстандық нысандарының (Қаялық, Қарамерген, Талғар, Ақтөбе (Степнинское), Ақыртас, Құлан, Қостөбе, Өрнек) және ЮНЕСКО Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне енген «Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ақжайық» биосфералық аумағының сертификаттарын табыстау көзделіп отыр. Біз әрине, мұндай кең көлемдегі басқосуды барынша пайдаланып қалуға тырысуымыз керек. Сонымен бірге, ежелгі Отырар, ежелгі Тараз аталымдарын тізімге қосуға үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бұл «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесі.Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




