Футбол: Ұлттар Лигасын қазақстандық телеарналар көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2018
- 601
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйекте басталатын УЕФА-ның жаңа турнирі - «Ұлттар Лигасын» қазақстандықтар Qazaqstan мен Qazsport телеарналарынан тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ерлан Қариннің жазуынша, жаңа турнирдің старты дәл осы Астанада басталады. Нақты айтқанда, «Астана-Аренада» 6 қыркүйек күні Қазақстан мен Грузия командалары кездеседі.
«Аталмыш турнир бұрын Еуропа чемпионатына түсіп көрмеген командалар үшін бірегей мүмкіндік болып отыр. Сайыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар ЕУРО-2020 іріктеуіне өтеді. Сонымен қатар, дәл осы Астанада УЭФА Конгресінде 2014 жылы «Ұлттар Лигасы» турнирін құру туралы шешім қабылданған болатын. 6 қыркүйек күні сағат кешкі 20:00 кезінде Қазақстан мен Грузия елдері құрамаларының кездесуін Qazsport арнасынан жіберіп алмаңыздар. Сондай-ақ, барлық кездесулерді Qazaqstan TV мобильдік қосымшасы арқылы да көруге болады», - дейді Ерлан Қарин.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




