Жаңалықтар
«Канело» Головкинмен жекпе-жегі алдында отасы туралы айтты
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2018
- 581
«Канело» Головкинмен жекпе-жегі алдында отасы туралы айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) сәуір айында тізесіне жасалған ота туралы толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz. «Бұл тазалау операциясы болды. Ісігімді алып тастап, кейін тазалады. Себебі ауырсынып жүрген шеміршектерім де болды. Тізем мазамды қашырып жүрген еді, отаға сол үшін де келістім. Қазір оңайлықпен жүгіріп жүрмін, залда да жаттығуға ешқандай кедергі жоқ», - деді Альварес. Еске салайық, 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) қарымта жекпе-жегі өтеді.
Кездесуді «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.
Айта кетейік, Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альвареске қарсы рематч қаржылық тұрғыдан тиімді болғандықтан оны өткізуге келіскенін мойындады. Сондай-ақ ол боксшылар үшінші мәрте рингке шығуы мүмкіндігін де жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




