Жаңалықтар
Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияда өтетін болады
- author «Ақ жол»
- 2 қыркүйек, 2018
- 576
Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияда өтетін болады
ШОЛПАН АТА. ҚазАқпарат - Ыстықкөлдің жағасында ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі. Көшпенділер ойындары Қырғызстанда осымен үшінші мәрте өтуде. Ойын бағдарламасы қатысушыларды көшпенділердің ежелгі мәдениетімен арнайы таныстыру үшін ұйымдастырылған. Алайда келесі 2020 жылғы ойындарды өткізу құқығы Түркияға берілді. Бұл жөнінде Түркияның президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесу барысында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков мәлім етті.
«2020 жылы Көшпенділер ойында Түркияда өтетін болады», - деді С. Жээнбеков.
Спорттық жарыстарға 60 елден 2000-ға жуық спортшылар, мыңдаған туристер мен шетелдік қонақтар келді. Іс-шараға 50 елден 500 шетелдік журналист тағайындалды.
Қазақстан құрамасы, өз кезегінде, 129 спортшыны таныстырды. Олар 37 ұлттық спорт түрінен сынға түседі. Оның 13-і - әртүрлі халықтардың ұлттық күрес түрлері.
Алдағы сайыстар Қыршын шатқалында өтетін болады. Аумақта мыңдаған киіз үйлер тігіліп, этноқалашық тұрғызылады.
Сондай-ақ, бұл жерде алғашқы Халықаралық «Көшпенділердің дүниежүзілік тағамдары» фестивалі өтеді деп жоспарланған. Шараға қатысу үшін Әзербайжан, Казақстан, Кырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сауд Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея сынды 10 елдің танымал аспаздары шақырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




