Жаңалықтар
Азиада-2018: қазақстандық волейболшы қыз сұлулығымен әлемді тамсандырып жатыр
- author «Ақ жол»
- 1 қыркүйек, 2018
- 644
Азиада-2018: қазақстандық волейболшы қыз сұлулығымен әлемді тамсандырып жатыр
Қазақстандық спортшы Кристина Карапетян Instagram-дағы парақшасында "карапетяшка" хэштегін жиі қолданады
АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық волейболшы Кристина Карапетян Индонезиядағы Азия ойындарының көрермендерін әдемі күлкісімен баурап алды.
Индонезиялық Tribun Jateng басылымы қазақстандық спортшы жұрттың назарын аударғанын жазды. Карапетян да "Ең сұлу спортшы" мәртебесін иеленетін секілді. Бұл атақ бұрын Қазақстанның тағы бір өкілі – волейболшы Сабина Алтынбековаға тиесілі еді.
"Жанкүйерлер Азия ойындарына Сабина Алтынбекованың қатыспағанына ренжіген жоқ, Кристина Карапетян да хас сұлудың өзі", — деп жазды индонезиялық басылым. 2014 жылы волейболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова желіде жұлдыз болған еді. Оның фотосуреттері мен видеосы Қытайда, Жапонияда, Тайванда жылдам таралып кетті. Қазақ қызының лезде мыңдаған жанкүйері пайда болды, шетелдік БАҚ Сабина жапонның аниме кейіпкерлеріне ұқсайтынын жарыса жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




