Жетісуда ұлттық ат спорты түрлерінен Президент Кубогының иесі анықталды 

Жетісуда ұлттық ат спорты түрлерінен Президент Кубогының иесі анықталды 
ашық дереккөз
Жетісуда ұлттық ат спорты түрлерінен Президент Кубогының иесі анықталды 
Алматы облысының әйгілі Көкбастау атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен Президент Кубогы үшін жарыс өтті.
Дәстүрлі шара биыл Конституция күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Сәйгүліктердің бағы мен бабы сынға түсетін дәстүрлі жарыс биыл 20-рет өтіп отыр. Ел аймақтарынан келген 170 сәйгүлік қатысқан дүбірлі дода тай жарыспен басталды. 5 шақырымға шапқан 40 тайдың ішінен мәреге Жамбыл ауданының Хантәңірі бірінші болып жетті. Сағат Мәсімақынов, Қарасай ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы: - Бұл қазақ халқының бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрін қайтадан жаңғырту болып табылады. Мереке құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ елінің көк байрағы жарқырай берсін. Қазақтың азаматтары аман болсын дегім келеді. 11 шақырымдық құнан бәйгеде Қарасай ауданының тұлпары Нұрқасқа қарсыластарынан оқ бойы озып, мәреге бірінші болып жетті. «Аттың бабын тауып, бағын асырып жүрген атбегілердің саны жыл сайын артып келеді», – дейді мамандар. Биылғы дүбірлі жарыстың жеңімпаздары 7 автокөлікті тізгіндеді. Тұратбек Шарапиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: - 10 жылға артқа қарасақ, ол кезде 2800 метрді бәйгелер 8-9 минутта жүгіретін болатын. Жаңа ғана құнан бәйгеде бірінші айналымды 3,5 минутта жүгіріп отыр. Оның барлығы асылдандырып, үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығының арқасы. Атбегілер асылтұқымды шетелден әкеліп біздің аттармен будандастырып жатыр. Ат жарысын әдеттегідей аламан бәйге түйіндеді. Ауыздығымен алысқан 50 сәйгүлік 25 шақырымға шапты. Бабы келіссе де, бағы болмай, айналымнан шығып қалған тұлпарлар да болды. Ал аламанның бас бәйгесі – жол талғамайтын көлік биыл Жамбыл облысының тақтұяғы Қарагөзге бұйырды. Жандос Жартыбаев, бапкер: - Кубокқа баламыз екеуміз көптен бері дайындылдық. Аңсаған арманымызға жеттік. Астананың 20 жылдығында осы байталмен елорда кубогын да ұтқанбыз. Қуаныштымыз. Жақсы өтті жарыс. Қарсыластар мықты болды. Бәйгелер арасындағы үзілістерде ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Палуандар аударыспаққа шығып, білек күшін сынасты. Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Валентин Лобанов 24.kz

Ұқсас жаңалықтар