Сочи көшелеріне Димаштың суреттері қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қыркүйек күні Сочиде есімі әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Бұл жайында хабарландыру әншінің Инстаграмдағы парақшасында жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Димаш Құдайберген 5 қыркүйек күні A'Studio тобының шығармашылық кешінде өнер көрсетеді. Сонымен қатар ол 9 қыркүйек күні «Жаңа толқын» байқауының жабылу рәсіміне арналған көнцертте ән шырқап, жанкүйлерлерін тағы да қуантады. Жіберіп алмаңыздар», - делінген әншінің парақшасындағы хабарламада.
Айта кетерлігі, әншінің Сочиде өнер көрсету құрметіне орай әр елден жиналған жанкүйерлері қала көшелеріне оның үлкен суреттерін іліп қойған. Бұл жаңалықты Фейсбуктегі Димаштың еуразиялық фан-клубы тобында желі қолданушы және Димаштың фанаттарының бірі Ирина Ким жазды.
«Димаш қазірдің өзінде Сочиде және бәріне қарап тұр. Біз мұны жасадық, барлық фанклубтар мен фанаттарға рахмет!!! Қол ұшын созған жандардың барлығына зор алғыс, біздің күш біріктіруіміздің арқасында 31 тамыздан 15 қыркүйекке дейін Сочи қаласында 1 экран, 6 билборд және 3 пиллар афиша ілдік», - деп жазды Ирина Ким.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




