Жаңалықтар
Азия ойындары: Ескек есушілер тағы бір медальға қол жеткізді
- author «Ақ жол»
- 30 тамыз, 2018
- 671
Азия ойындары: Ескек есушілер тағы бір медальға қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында тағы бір медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап. Атап өтілгендей, Палембангтағы финалдық кезеңде байдарка мен каноэде ескек есушілер күміс жүлдеге қол жеткізді. Илья Голендов пен Андрей Ергучев 1000 метрге екі адам болып жарысуда бақ сынаған болатын. Қазақстандық спортшылардың алдын қытайлықтар орап кетті. И. Голендов пен А. Ергучев жұбының көрсеткіші - 3.23.815. Ал алтын жүлде алған Қытай командасының уақыт көрсеткіші - 3.23.601.
Қола жүлде Өзбекстан командасының еншісінде.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең төрт адамдық сында Қазақстан командасы алтын медальға ие болған еді.
Сондай-ақ хабарланғандай, байдарка мен каноэде ескек есуден әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Березовская (500 метрге жарысудан) мәре сызығын 6-шы болып кесіп өтті. Бұл сында Қытай, Иран және Оңтүстік Корея спортшылары топ жарды.
30 тамыз күні Ұлттық құрама спорттың 9 түрінен бақ сынайды.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




