Жаңалықтар
Президент Томотерапия және ядролық медицина орталығында болды
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 631
Президент Томотерапия және ядролық медицина орталығында болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көріп, әр пациенттің жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін «TomoTherapyHI-HD» құрылғысының жұмысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменің қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаңа кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімделді. 
***
Томотерапия және ядролық медицина орталығының арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оңтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




