Жаңалықтар
Қазақстанда риелторлардың қызметі туралы заң шығару ұсынылды
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 578
Қазақстанда риелторлардың қызметі туралы заң шығару ұсынылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Қаржылық бақылау департаменті риелторлық қызмет нарығын заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қылмыстық жолмен алынған табыстарға қарсы іс-әрекет ету және оларға талдау жасау үшін қаржылық мониторинг комитетіне мәліметтерді ұсыну бойынша риелторлардың міндеттемелері бар. Риелторлар субъектілер болып табылады, яғни олар тіркеліп, заңнамада көрсетілген жағдайларда мәліметтерді ұсынып отырады. Алайда, қазіргі таңда бұл мәселе айтарлықтай өзекті емес. Себебі бізде жалпыға бірдей декларациялау туралы норма жоқ. Бұл тақырып 2020 жылдан кейін өзекті бола түседі және ол жылжымайтын мүлік нарығына ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Бірақ бүгіннің өзінде көптеген түйіткілді мәселелер қордаланып қалған. Оның соңы әртүрлі салдарға алып келеді», - деді «дөңгелек үстелдің» барысында Қаржы мониторингі департаменті басшысының орынбасары Мұхамеджан Досқожаев. Оның айтуынша, лицензиялауға жататын қызметтердің 18 түрі бар. Лицензия алушыны реттеуші тексереді.
«Дегенмен, лицензиядан өтпейтін төрт қызмет түрі бар. Олар - ломбардтар, зергерлер, риелторлар мен жекелеген заңгерлік мәселелер жөніндегі тәуелсіз мамандар. Біз аталмыш субъектілерді қадағалауға қатысты туындайтын салдар үшін алаңдаулымыз. Біздің нарықта «қара риэторлар», «қара маклерлер» дегендер бар. Олар салық заңнамасын орындаудан қашады», - деді М. Досқожаев.
Оның айтуынша, риелторлық қызмет нарығы қатаң бақылануы тиіс. Тіпті риелторлар мен олардың қызметі туралы заң шығару қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




