Елімізде бірқатар мамандықтың лицензиясы қайтарылды 

Елімізде бірқатар мамандықтың лицензиясы қайтарылды 
ашық дереккөз
Елімізде бірқатар мамандықтың лицензиясы қайтарылды 
Қазақстан колледждерінде оқытылатын 109 мамандық пен жоғары оқу орындарындағы 17 мамандықтың лицензиясы кері қайтарылды.
Бұл туралы еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиев журналистерге арналған брифинг барысында мәлімдеді. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын жауапкерішілікті арттыру жылы деп атады. Оның аясында оқу орындары мен студенттерге қойылатын талап күшейтіледі. Лицензиясы кері қайтарылған мамандықтардың орнына сұранысқа сай маман иелерін дайындауға көңіл бөлінеді. Ал білім ордаларының сапасы түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейімен сипатталатын болады. Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: - Біз жоғары оқу орындары лигасының құрылғанын толық қолдаймыз. Ол арқылы білім сапасын артады деп ойлаймын. Жоғары оқу орындары талапқа сай жұмыс істеуге дайын. Колледждерде 246 мамандық бойынша модульдік бағдарлама әзірледік. Оқытушыларды қайта дайындадық. Мектеп мұғалімдері үшін де осындай жаңашылдықтар енгізіліп жатыр.

24.kz

Ұқсас жаңалықтар