Жаңалықтар
Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 622
Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті
Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанның бастамашы болғанын айтты.
– Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соның арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Лассина Зербо Қазақстан Президентімен кездесудің осы күні өтуінің символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымның жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Л.Зербоға алғыс білдірді. akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




