Хаттама планшет арқылы қалай толтырылады? 

Хаттама планшет арқылы қалай толтырылады? 
ашық дереккөз
Хаттама планшет арқылы қалай толтырылады? 
Көпшілік жүргізушіге электрондық хаттама қорқынышты көрінеді, бұл оның қалай жұмыс істейтінін білмегендіктен болар. Осыған орай жол полицейінің жүргізушіге айыппұлды электрондық планшет арқылы қалай салатынын Kolesa.kz порталының тілшілері айтып берді. 2017 жылы қазақстандық полицейлер жол жүрісі ережесін бұзғандарға электрондық хаттама толтыра бастады. Жүйе Астанада тексеріліп, кейін бүкіл елге таралды. Электрондық хаттама толтырылған кезде жүргізушілер неге назар аудару керек? Хаттама жазғанда есте сақтайтын маңызды нәрсе бар. Кез келген жағдайда хаттамаға қол қоюдан бас тартпаңыз және оны толтыруға қатысудан қашпаңыз. Осылайша, полицияға оны өздігінен жасауға мүмкіндік бересіз және басқа баптарда көзделген ережебұзушылықты жазуына жол бересіз. Хаттама арнайы қосымшасы жұмыс істейтін планшет арқылы интернеті бар кез келген жерде толтырыла береді. Әр жол полициясында қосымшаға кіру үшін жеке құпия сөзі болады. Құрылғы онлайн режимде ЕАӘК-ке (Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі) және құқық қорғау органдарының басқа мәліметтер базасына қосылады. Хаттама қазақ және орыс тілдерінің бірінде толтырылады. Бағдарлама интерфейсі орыс тілінде жасалған, бірақ қажет болып жатса қазақ тілінде жазуға болады.  /> <em>© kolesa.kz</em> Хаттама толтырғанда ең алдымен ереже бұзған жүргізушінің ЖСН-ін енгізеді. Ол арқылы полицейлер жүргізуші немесе жаяу жүргіншінің аты-жөнін, жеке куәлік нөмірін және ол қайда берілгенін анықтайды. Ал өзімен ЖСН мен жеке куәлігі болмаса, хаттама жүргізуші куәлігі нөмірімен толтырылады. <img src=tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар