Жаңалықтар
Еліміздегі мешіттер Құрбан айтта 61 мың отбасына ет таратты
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 572
Еліміздегі мешіттер Құрбан айтта 61 мың отбасына ет таратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дін қызметкерлері құрбан айт күндері бүкіл ел аумағында 61 191 отбасына 439 тонна 943 келі құрбандық етін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай, мешіт таратқан құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, көпбалалы жанұяларға, жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Құрбан айтта қуандыр» атты қайырымдылық акциясына ел бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.
Айта кетейік, биыл мұсылман қауымы құрбан айтты 21 тамыздан бастап тойлады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




