Жаңалықтар
Азиада-2018: Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 679
Азиада-2018: Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
kazinform.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі қабарлауынша, дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Жакартада ауруханаға жеткізілді.
Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.
Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.
«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.
Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




