Жаңалықтар
Пуэрто-Рикодағы «Мария» дауылы үш мыңға жуық адамның өмірін қиған
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2018
- 639
Пуэрто-Рикодағы «Мария» дауылы үш мыңға жуық адамның өмірін қиған
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рико билігі өткен жылдың қыркүйегінде болған алапат «Мария» дауылы салдарынан қаза тапқандардың саны 2 975 адам болғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Пуэрто-Рико билігінің тапсырысымен Джордж Вашингтон университетінің қызметкерлері табиғи апат құрбандарының санын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша әзірленген баяндамаға сүйенек, Пуэрто-Рико губернаторы Рикардо Росселло 2 975 адам апат кезінде құрбан болғанын мәлімдеді.
Былтыр желтоқсандағы ресми мәлімдемесінде ел билігі құрбандар саны 64 деп көрсеткен болатын.
Еске сала кетейік, «Мария» дауылы 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Пуэрто-Рикоға төніп, тынымсыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны болған. Апат салдарынан елде азық-түлік, ауызсу, жанармай жетіспеушілігі байқалған. Moody's Analytics аналитика агенттігінің есептеулеріне қарағанда, мемлекетке келтірілген залал 95 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




