Нью-Йорктегі турнир сенсациямен басталды
Нью-Йоркте жүлде қоры 25 282 400 долларды құрайтын «Үлкен дуылға» санатындағы турнирлердің бірі әрі бірегейі – АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды.
Жарыстың алғашқы күні сенсациялық нәтиже тіркелді. Әйелдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп WTA рейтингінде 44 орында тұрған эстониялық Кайя Канепиден 2:6, 4:6 есебімен ойда-жоқта ұтылып қалды. Сол секілді Польшаның атақты теннисшісі Агнешка Радваньска да сәтсіздікке ұшырады. Ол германиялық Татьяна Марияға есе жіберді. Ал Серена мен Винус Уильямс, Гарбине Мугуруса, Люси Шафаржова, Элина Свитолина сынды мықтылар келесі кезеңге еш қиналмай-ақ өтті. Өкіншіке қарай, қазақстандық Зарина Диас әлемдік рейтингте 8 орында тұрған Чехияның атақты ойыншысы Каролина Плишковаға 4:6, 6:7 есебімен ұтылып қалды. Десек те жарыс жолында әлі екі жерлесіміз бар. Бүгін Юлия Путинцева америкалық Бернард Перамен, ал Михаил Кукушкин АҚШ-тың тағы бір өкілі Ноа Рубинмен күш сынасады. Ғалым СҮЛЕЙМЕН, «Егемен Қазақстан» egemen.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




